АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Иран мен әлем елдері арасындағы ядролық келісімнің жақын арада орындалатынын мәлімдеді.
Керри кеше, 7 қаңтар күні журналистерге Иран сыртқы істер министрі Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесіп, осы мәселені талқылағанын айтқан.
Керримен телефон арқылы тілдескен Зариф Иран өз міндетін "мүмкіндігінше тезірек орындауға тырысатынын" жеткізген.
2015 жылы шілдеде Иран мен әлемдік алты держава (АҚШ, Германия, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Ресей) арасында келісім жасалып, Тегеран ядролық бағдарламасын қысқартатынын мәлімдеген. Ал әлем елдері бұл келісімге сай Иранға салынған халықаралық санкцияларды жоюы тиіс.