АҚШ-та экстремизмді интернетте насихаттауға қарсы арнайы топ құрылады. Мұндай шешім жұма күні Ақ үйде ұлттық қауіпсіздік жөніндегі ведомстволар басшылары мен компьютерлік технологиялар саласының жетекші ғалымдарының қатысуымен өткен кездесуде қабылданған.
АҚШ үкіметі технологиялық компанияларды экстремистердің интернет арқылы өзіне жақтастар тартуына және шабуылдар жоспарлауына белсенді түрде қарсы тұруға шақырады.
Кеңесулерге Apple, Facebook, Google, Twitter, Microsoft, Yahoo, Linkedin тәрізді компаниялар жетекшілерінің өкілдері қатысқан. Жиында Париж және Калифорнияда болған терактілер экстремизмді насихаттауға әлеуметтік желілердің ресурстары пайдаланылуы мүмкін екенін көрсеткені айтылған.