Accessibility links

Ресей: 16 құрылықаралық зымыран сынағын өткіземіз


Ресейдің «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылған құрылықаралық зымыран. (Көрнекі сурет.)
Ресейдің «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылған құрылықаралық зымыран. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің стратегиялық мақсаттағы зымыран күштері 2016 жылы 100-ден аса жаттығу мен 16 рет құрылықаралық баллистикалық зымыран сынағын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметі бойынша, сынақтардың мақсаты – жаңа технологияны меңгеру және «зымыран кешенінің техникалық әзірлігін бақылау». Құрылықаралық баллистикалық зымыран сынағын 16 рет өткізу – Ресей стратегиялық мақсаттағы зымыран күштері үшін рекордтық көрсеткіш. Соңғы бес жылдың көлемінде Ресей зымыран ұшыру туралы алдын ала жария еткен жоспарларының бір де бірін бұлжытпай орындаған емес. Мысалы, 2015 жылы жоспарланған 14 зымыран сынағының орнына 8, одан бір жыл бұрын мәлімдеген 16 сынақтың орнына 10 рет зымыран ұшырған болатын.

Сонымен бірге бүгін Ресей қорғаныс министрлігі әуе-ғарыш күштеріндегі С-400 «Триумф» зениттік-зымыран жүйелері санын екі есеге көбейту ниеті туралы мәлімдеді. Министрліктің ресми мәлімдемелеріне сүйенсек, 2016 жылдың соңына қарай Ресейде жауынгерлік кезекшілікте сегіз С-400 жүйесі болмақ. Олардың бесеуі Мәскеу түбінде орналасады.

XS
SM
MD
LG