Accessibility links

Иран: Елшілікке шабуылға қатысты шенеунік қызметтен алынды


Тегерандағы Сауд Арабиясының шииттердің діни қайраткері Нимр әл-Нимрге өлім жазасын кесуіне наразылық акциялары. 4 қаңтар 2016 жыл.
Тегерандағы Сауд Арабиясының шииттердің діни қайраткері Нимр әл-Нимрге өлім жазасын кесуіне наразылық акциялары. 4 қаңтар 2016 жыл.

Иранда Тегерандағы Сауд Арабиясы елшілігіне жасалған шаубылға қатысты қауіпсіздік қызметінің шенеунігі орнынан алынды. Иран ішкі істер министрлігі Тегеран провинциясы губернаторының қауіпсіздік істері бойынша орынбасары Сафар Әли Баратлудың шабуылға қатысты орнынан босатылғанын хабарлады.

Сауд Арабиясы қаңтардың басында шииттердің діни қайраткері Нимр әл-Нимрге өлім жазасын орындаған соң оған наразылар қайтардың 2-сі күні Тегерандағы Сауд Арабиясының елшілігі мен Мешхед қаласындағы өкілдігіне шабуылдаған. Бұдан соң Эр-Рияд пен одақтас бірнеше араб мемлекеттері Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзетінін мәлімдеген.

11 қаңтарда таратқан мәлімдемесінде ішкі істер министрлігі "елшілікте болған оқиғаларға көз жұма қарауға болмайтынын" айтқан. "Алдын ала тергеу нәтижесінде Сафар Әли Баратлудың қателік жасағаны дәлелденді және бұл мәселенің тым нәзік екені ескеріліп, оны қызметтен алуға шешім қабылданды" делінген мәлімдемеде.

XS
SM
MD
LG