Accessibility links

Доллар бағамы 362 теңгеден асты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңертеңгілік сессияда АҚШ долларының орташа бағамы 362 теңге 62 тиынға жетті. Бұл - 11 қаңтар күнгі таңғы саудадағы орташа бағамнан 5 теңге 74 тиынға қымбат. Бүгін таңертеңгілік саудада 82 миллион 900 мың доллар сатылған. Биржадағы саудада доллар саудаланған ең төменгі бағам 358 теңге 5 тиын, ең жоғарғы бағам 367 теңге болған.

Ақша айырбастау орындарында доллар 365-368 теңгеден сатылып жатыр.

Доллар бағамының қымбаттауы әлемде мұнай бағасының арзандауымен қатар жүріп жатыр. 11 қаңтарда Brent маркалы мұнай 6,01 пайызға арзандап, бір баррелі 31 доллар 89 центке түстен. Ал АҚШ-та өндірілетін WTI маркалы мұнай бағасы 31 доллар 38 центке (5,37 пайыз) арзандаған. Мұнай мұндай бағаға соңғы рет 2003 жылы желтоқсанда арзандаған.

XS
SM
MD
LG