Accessibility links

ҚХА депутаттары мәжілісті таратуды қолдады


Парламент мәжілісінің отырысы, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісінің отырысы, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісінің Қазақстан халқы ассамблеясы (ҚХА) атынан сайланған тоғыз депутаты мәжілістің өкілетін мерзімінен бұрын доғару туралы үндеуді қолдады. Бұл туралы бүгін мәжілістің пленарлық отырысында ҚХА-дан сайланған депутат Роман Ким мәлімдеді.

Кимнің сөзінше, парламенттегі үш фракция басшыларымен кеңескен соң ҚХА депуттары мәжілісті таратып, жаңа сайлау өткізуді қолдау туралы шешім шығарған.

Бүгін мәжіліс отырысында депутат Владислав Косарев парламенттегі үш партия – «Нұр Отан», «Ақ жол» және «Қазақстан халықтық коммунистік партиясы» фракциялары атынан мәжілісті тарату туралы үндеу жасаған. Косарев депутаттардың бесінші шақырылған парламентті таратып, жаңа сайлау өткізуді сұрайтынын айтқан. Депутаттар мәжілісті таратуды «әлемдегі жүйелік дағдарыс» және оған қарсы тұру қажеттігімен және парламент өзінің "тарихи міндетін атқарғанымен" түсіндіреді.

107 депутаттан тұратын Қазақстан парламенті мәжілісі бес жылда бір рет сайланады. 98 депутат партиялық тізім бойынша сайланады, ал тоғыз депутатты Қазақстан халқы ассамблеясы таңдайды. 2012 жылы 15 қаңтарда өткен бесінші шақырылымдағы парламент мәжілісіне ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтын «Нұр Отан», «Ақ жол» және «Қазақстан халықтық коммунистік партиясы» өкілдері өткен. Қазақстан заңнамасы бойынша, 107 депутаттың 98-і партиялық тізім бойынша, тоғыз депутат ҚХА атынан сайланады.

XS
SM
MD
LG