Accessibility links

Украина Қазақстанға тауарын Ресейді айналып тасымалдамақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Украина билігі Кремльдің сауда эмбаргосын салуына байланысты бірінші рет Ресей территориясын айналып өту арқылы Қазақстанға тауар жөнелте бастайтынын мәлімдеді. Осы айда Ресей билігі Киевтің Еуропа Одағымен еркін сауда және саяси ассоциация туралы келісімге қол қоюына жауап ретінде жаңа санкция салған.

Украина инфрақұрылым министрі Андрей Пивоварскийдің хабарлауынша, Грузия мен Әзербайжан арқылы зат тасымалдау тәжірибесі 15 қаңтарда басталмақ.

Пивоварский Украина премьер-министрі Арсений Яценюкпен кездесуінде "Жібек жолы украни тауарларына нарыққа жол ашып қана қоймайды, ол Азия мен Батыс Еуропа арасында жаңа сауда маршрутын да түзеді" деді.

ING банк корпорациясының болжамдары бойынша, 2017 жылға қарай Қазақстан тауар импорттайтын елдер арасында Украина үшінші орынға шығуы мүмкін. Қазақстанға жеткізілетін негізгі тауар - транспорттық машина мен құрал-жабдық.

Пивоварский Украина 15 қаңтардан бастап Кавказ арқылы нақты қандай тауар импорттайтынын ашып айтпады.

XS
SM
MD
LG