Әзербайжанда банк филиалдары мен бөлімшелерінен тыс жұмыс істейтін ақша айырбастау пунктері жабылды. Жеке айырбас пунктері Әзербайжан орталық банкінің "Валюта айырбастау пунктерін ұйымдастыру мен айырбас операцияларын жүргізу ережелері" туралы құжатына сай жабылған.
Бұл ереже бойынша, "айырбастау пункті" уәкілетті органның шешімі бойынша банк, оның филиалы немесе бөлімшесі орналасқан аймақта (қала, аудан, ауыл, елді мекен) құрылып, Әзербайжан орталық банкінің лицензиясы бойынша жұмыс істейді.
Жергілікті банкирлердің бірінің айтуынша, банктен тыс алынған лицензиялардың күші ендігі жойылған және енді "валюта айырбастау тек банк филиалдары мен бөлімшелері ішінде ғана жүзеге асырылады".