Accessibility links

Ресей шекарашылары украин сарбазын тұтқындады


Ресейдің Украинамен шекарасындағы өткізу бекеті. (Көрнекі сурет).
Ресейдің Украинамен шекарасындағы өткізу бекеті. (Көрнекі сурет).

Ресейдің Ростов облысында ресейлік шекарашылар украин сарбазы Максим Шляховойды ұстады. "Интерфакс" агенттігінің Федералдық қауіпсіздік қызметінің Ростов облыстық шекара басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, Шляховой шекараны "өткізу пунктінен тыс жерден" кесіп өткен және тиісті құжаты болмаған.

Ұсталған сарбазға қатысты "шекараны заңсыз кесіп өту" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған. Бұл бап бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Донбастағы украин арнайы операциясы штабының баспасөз қызметі Максим Шляховойды 13 қаңтар күні ресейлік шекарашылар ұстағанын растады. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр.

Украина шығысында қақтығыс басталғаннан бері ресейлік және украиналық әскерилердің екі ел шекарасын кесіп өткені туралы бірнеше рет хабарланған. Ресейдің Ростов облысы Украинаның көпшілік бөлігін ресейшіл сепаратистер бақылайтын Донецк және Луганск облыстарымен шектеседі.

XS
SM
MD
LG