Accessibility links

Оралда онкодиспансердің бұрынғы басшысы сотқа тартылды


Батыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансер бастығының бұрынғы орынбасары Жұмақаным Ғабдуллина сот басталар алдында. Орал, 14 қаңтар 2016 жыл.
Батыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансер бастығының бұрынғы орынбасары Жұмақаным Ғабдуллина сот басталар алдында. Орал, 14 қаңтар 2016 жыл.

Батыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансер бастығының бұрынғы орынбасары Жұмақаным Ғабдуллина коррупция айыбымен сотқа тартылды. 52 жастағы Ғабдуллинаға "өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденді", "алаяқтық жасады" және "пара берді" деген айып тағылған.

Тергеу мәліметтері бойынша, Жұмақаным Ғабдуллина өткен жылдың ортасында диспансер басшысының шаруашылық істері бойынша орынбасары және бас бухгалтер міндетін атқарушы болып қызметі істегенінде қызметкерлерден қаржылық бақылау инспекторына деп ақша жинаған. Сот материалдары бойынша, бухгалтерия қызметкерлері мен диспансер дәрігерлерінен қаржы медицина қызметкерлері күні - қызметкерлерге сйыақы берілген күні жиналған. Іс материалдарына қарағанда, жиналған жарты миллионға жуық ақша қаржылық тексеру қорытындысына оң баға қою үшін инспекторға берілуі тиіс болған.

Орал қалалық сотында бүгін куәгерлер сұралды. Ғабдуллинаның бұрынғы бірнеше әріптесі "Ғабдуллинаның тапсырмасымен ақша жиналғанын" растап сөйледі.

Жұмақаным Ғабдуллина өзінің коррупциялық қымлыстарға қатысы барын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG