Accessibility links

Порошенко Қырымға электр қуатын беру шартын айтты


Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 14 қаңтар 2016 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 14 қаңтар 2016 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко Украина Ресей аннексиялап алған Қырымға электр қуатын түбек Украинаға қайтып қосылса ғана жеткізетінін мәлімдеді.

"Біз Украина құрамындағы Қырымға ғана электр қуатын беруге дайынбыз. Егер қаласаңыздар, электр қуатын ала аласыздар. Олай болмаған жағдайда, біз Украина Қырымда егемендігін орнатқанға дейін күтеміз" деді Порошенко жыл сайынғы баспасөз конференциясында.

Ресей бұған дейін 1 қаңтарда аяқталған Қырымға электр қуатын жеткізу келісімін созу жайлы Украинаның ұсынысын қабылдамаған.

Порошенко Украина Қырымға электр қуатын беруге даяр екенін, бірақ ол үшін келісімде түбек Украинаның "автономиялы облысы" ретінде қарастырылуы керек екенін мәлімдеген.

Порошенко Киев "қырымдықтардың өмірін қиындатпауға барынша күш салып жатқанын", бірақ Қырым басшылары электр қуатын жеткізу туралы келісімді өздері қабылдамай отырғанын айтты.

Қырым тұрғындары 22 қарашада Украинадан жеткізілетін негізгі электр тарату желілерінде болған жарылыстан соң электр қуаты тапшылығына тап болған. Ішінара қалпына келтіріліп, үзіліспен беріліп келген электр қуаты 30 желтоқсанда электр қуатын тарату нысанынан жасалған шабуылдан соң мүлдем тоқтап қалған.

XS
SM
MD
LG