Accessibility links

Досаев: Бюджетті қайта қарай бастадық


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан үкіметі әлемде қуат көздері бағасының арзандауына байланысты республикалық бюджет жобасы мен макроэкономикалық көрсеткіштерді қайта қарауға кірісті деп мәлімдеді бүгін Астанада өткен брифингте ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев. Оның сөзінше, мемлекеттік кіріс комитеті "мұнай бағасының арзандауынан түсім азаюы мүмкіндігіне байланысты" қайта есептеу жүргізе бастаған.

Осы брифингте бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев 19 қаңтарда мұнай бағасы барреліне 20 долларға дейін түскенге дейінгі Қазақстан экономикасының ықтимал даму сценариі талқыланатынын хабарлады. Ол үкімет бюджетке қатысты қатаң шаралар қабылдап, шығындарға тексеру жүргізуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Сағынтаевтың сөізнше, 2016 жылғы республикалық бюджетте дағдарысқа қарсы жедел шараларға арналған 255,5 милилард теңге қаржы сақтап қою жоспарланып отыр.

Сағынтаевтың сөзінше, 2016 жылы арнайы резервте жұмыспен қамту, "Нұрлы жол" бағдарламасын қосымша қаржыландыру мен басқа да шараларға 225,5 миллиард теңге бөлу жоспарланған.

2016 жылдың бюджеті мұнай бағасы 40 доллар болады, ал доллар бағамы 300 теңге болады деген есеппен бекітілген еді. Қазір әлемдік нарықта Brent маркалы мұнай баррелі 30 доллардан төмен саудаланып жатыр, ал Қазақстан қор биржасында бүгін доллар бағамы 362 теңге 67 тиынды құрады.

XS
SM
MD
LG