Accessibility links

Иран СІМ: Тегеранға қарсы санкцияны бүгін алады


Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф.
Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф.

Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф Тегеранға ядролық бағдарламасына байланысты бұған дейін салынған халықаралық санкция бүгін алынатыны туралы хабарлады. «Бұл бүкіл әлем үшін жайлы күн болмақ, бұл сондай-ақ аймақ үшін жайлы оқиға» деген ол сенбі күні Венада журналистерге.

Бүгін Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) Иранның өзіне алған міндеттемелерін орындағанын растаған соң, былтыр шілдеде Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты алты мемлекет пен Иран арасында жасалған келісім күшіне енуі тиіс.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри, Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі өкілі Федерика Могерини және Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф Тегеранның келісім талаптарын орындауына байланысты мәселелерді талқылау үшін бүгін Австрия астанасында кездесіп жатыр. Келісімге сәйкес, Иран ядролық салада зерттеу жұмыстарын шектеген соң, оның экономикасына ауыр зардап әкелген халықаралық санкциялар алынуы тиіс.

XS
SM
MD
LG