Accessibility links

Кишиневте мыңдаған наразы көшеге шықты


Кишиневтегі наразылық шеруіне қатысушылар. Молдова, 16 қаңтар 2016 жыл.

Молдова астанасы Кишиневте сенбі күні оппозиция өткізген наразылық шараларына мыңдаған адам қатысты. «Ар-намыс және әділеттілік» азаматтық платформасы, социалистер партиясы мен «Наша партия» жақтастары парламентті таратып, президенттің отставкаға кетуін және кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті.

Талаптары ұқсас болғанымен, наразылық акциялары бөлек өтті. «Ар-намыс және әділеттілік» азаматтық платформасын қолдаушылар наразылық шеруіне Еуропа Одағының туын ұстап шықса, социалистер Ресеймен қарым-қатынасты қалпына келтіруге үндеген ұрандар көтерді.

Кишиневтен түскен ақпараттарда наразылық шерулері бейбіт жағдайда өткені айтылады.

Демонстранттар ел президенті Николае Тимофтидің премьер-министр қызметіне кандидат ретінде Павел Филипті ұсынғанын сынға алған. Олар нақ осы кандидатты Молдова парламенті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, олигарх Владимир Плахотнюктің адамы деп санайды.

Кишиневтегі наразылық шеруі туралы видео:

Кишиневтегі наразылық шеруі
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:26 0:00

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG