Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгілік сауда сессиясында АҚШ долларының орташа бағамы 372 теңге 58 тиынды құрап, бұрын болмаған шекке жетті. 15 қаңтардағы күндізгі сауда сессиясында доллар бағамы 359 теңге 3 тиынмен жабылған еді.
Бүгін таңертеңгілік саудада доллар саудаланған ең төменгі баға 366 теңге 35 тиын, ең жоғарғы баға 375 теңге болған. Биржада 81 миллион 400 мың доллар сатылған.
Доллар бұған дейін өзінің ең жоғары шегі - 367 теңге 61 тиынға 12 қаңтарда жеткен.
Ақша айырбастау орындарында доллар 374-375 теңгеден сатылып жатыр.