Accessibility links

Ақордада парламент сайлауы талқыланды


Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен (ортада) кездесіп отырған мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов (сол жақта), премьер-министр Кәрім Мәсімов және президент әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматуллин. Астана. 18 қаңтар, 2016 жыл.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев парламент мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен және премьер-министр Кәрім Мәсімовпен кеңес өткізді. Кездесуге президент әкімшілігі басшысы Нұрлан Нығматулин де қатысты.

Ақорда таратқан ресми мәліметке сәйкес, президент мәжіліс депутаттарының кезектен тыс парламент сайлауын өткізу туралы бастамасының сарапшылар арасында және ақпарат құралдарында талқыланып жатқанын, "қоғамдық қолдауға ие екеніне" назар аудартқан.

Қабиболла Жақыпов ерте сайлау өткізуге партиялардың сайлаушылардан жаңа сенім мандатын алу, кең ауқымда қоғамдық ұйысу, реформаларды барлық деңгейде жүзеге асыру үшін мәжіліс пен мәслихаттардың іс-қимылын сәйкестендіру себеп болғанын айтқан.

13 қаңтарда өткен мәжіліс отырысында парламенттегі үш партия – «Нұр Отан», «Ақ жол» және «Қазақстан халықтық коммунистік партиясы» фракцияларының өкілдері мәжілісті тарату туралы президентке өтініш түсірген. Депутаттар бесінші шақырылымдағы парламентті таратып, елде жаңа сайлау өткізуді сұраған. Олар мәжілісті тарату ұсынысына «әлемдегі жүйелік дағдарыс және оған қарсы тұру қажеттілігі» түрткі болды деп түсіндірген.

XS
SM
MD
LG