Accessibility links

Australian Open: Шведова екінші айналымға шықты


Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова.
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова.

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open турнирінің алғашқы кезеңінде болгариялық Цветана Пиронкованы 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Шведова екінші айналымда осы жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық теннисші Зарина Диясты жеңген америкалық Мэдисон Кизбен кездеседі.

18 қаңтар, жарыстың алғашқы күні, қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева даниялық Каролина Возницкиді жеңген. Путинцева екінші айналымда қытайлық Хань Синьюньмен кездеседі.

Australian Open жарысы 31 қаңтар күні аяқталады.

XS
SM
MD
LG