Accessibility links

Мәмбеталин мен Нарымбаевтың соты шегерілді


Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевтың соты өтіп жатқан Алматының Алмалы аудандық соты.
Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевтың соты өтіп жатқан Алматының Алмалы аудандық соты.

Алматыда азаматтық белсенділер, "алаузыдық тудырды" деп айыпталған Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевтың соты өтпей қалды. Алмалы аудандық сотының судьясы Марал Жарылғасова сот отырысы ертең, 20 қаңтарға шегерілгенін жариялады. Соттың ертеңге қалдырылғанын жариялаған кезде залда сотталушылар мен олардың адвокаттары және айыптаушы тарап болған жоқ.

Судьяның айтуынша, сотты кейінге шегеруге Мәмбеталиннің адвокаты Ермұрат Мұқановтың ауырып қалуы себеп болған. Кеше де сот отырысы Мұқановтың ауырып қалуына байланысты бүгінге ысырылған еді.

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев былтыр қазан айында қамалған. Оларға Facebook желісінде «Қазақстан мұсылмандар одағы ұйымының жетекшісі» Мұрат Телібеков жазды деген, жарияланбаған "Ветер с улицы" кітабынан үзінді келтірді деген айып тағылған. Ресми айыптауға қарағанда, «үзінді мәтіні ұлтаралық араздық тудыруға себеп болуы мүмкін». Белсенділер айыпты мойындамайды.

Сот желтоқсан айында басталған.

XS
SM
MD
LG