Accessibility links

Қазақстанда доңыз тұмауынан бір адам көз жұмған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда доңыз тұмауынан (H1N) бір адам қайтыс болды деп хабарлады бүгін ұлттық экономика министрлігі тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы, мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин. Бас санитарлық дәрігер бұл туралы Астанада өткен брифингте айтқан.

Бекшиннің сөзінше, Қазақстанда тұмау күшейетін қыс мезгілінде жыл сайын бір-екі адам тұмаудан көз жұмады. Ол бұған тұмау жұқтырғандардың өз бетімен емделіп, дәрігерге уақытында көрінбей ауруын асқындырып алуы себеп дейді. "Мұндай науқастар көбіне жан сақтау бөліміне түседі де, біз оларға көмектесе алмай қаламыз" деді бас санитарлық дәрігер.

Бекшиннің айтуына қарағанда, қазір республикада тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциясын жұқтыруға қатысты эпидемиологиялық ахуал бірқалыпты.

XS
SM
MD
LG