Accessibility links

Ресейде H1N1 вирусынан бес адам қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей мен бұрынғы совет республикалары арасында "доңыз тұмауы" деген атпен H1N1 вирусынан ондаған адам қаза тапты.

Санкт-Петербургтің денсаулық сақтау саласы басшыларының 19 қаңтарда таратқан хабарына қарағанда, жергілікті бес тұрғын доңыз тұмауынан қайтыс болған. 310-нан астам адам осы ауру белгілерімен ауруханаға түскен.

Ресейдің тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі - "Роспотребнадзор" басшысы Анна Попованың айтуынша, 1 қаңтардан бері Ресейдің 17 аймағында H1N1 вирусын жұқтырған ондаған адам ауруханаға түскен.

19 қаңтар күні Қазақстан билігі де H1N1 вирусынан бір адамның қайтыс болғанын хабарлаған. Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы, мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің айтуынша, "бұған тұмау жұқтырғандардың өз бетімен емделіп, дәрігерге уақытында көрінбей ауруын асқындырып алуы себеп".

Украина денсаулық сақтау министрлігі де бұған дейін доңыз тұмауынан 51 адам қайтыс болғанын хабарлаған. 18 қаңтар күні Армения билігі соңғы апталарда осы вирустан 16 адам қайтыс болғанын жария еткен.

XS
SM
MD
LG