Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы "күрд жасақтары Ирактың солтүстігінде "жергілікті араб қауымын жою мақсатымен" елді мекендердегі олардың мыңдаған үйін қиратты" деп хабарлады.
AI 19 қаңтар күні Күрд жұмысшы партиясының (КЖП) "пешмерга" жасағы мен күрд сарбаздары Ирактың солтүстігінде "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған - ред.) экстремистік ұйымына көмек көрсетті деп, елді мекендерде мыңдаған үйді бульдозермен қиратып, өртеді" деп мәлімдеді.
AI "күрдтер үйлерді ИМ бақылауындағы аймақтарды өзіне қайтарғаннан соң қиратқанын" айтады.
Ұйым мәліметінше, "күрд жасақтары бұған дейін үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған жергілікті арабтарға азат етілген аймақтарға оралуға тыйым салған".
Лондонда орналасқан AI жүзден астам куәгер мен зардап шегушіден түскен дәлелі бар екенін айтады. Ирактың солтүстігінде зерттеу жүргізген AI кеңесшісі Донателла Ровера "Әскери мұқтаждық жоқ кезде азаматтарды күштеп көшіру мен олардың үйлерін және жеке мүлкін әдейі қирату әскери қылмыс жасағанмен тең" деп мәлімдеді.