Швейцарияның Давос қаласында бүгін Дүниежүзілік экономикалық форум ашылады.
Reuters агенттігінің форумның басқарушы директоры Филипп Реслергке сілтеме жасап хабарлауынша, биыл форумдағы басты тақырыптар төртінші өнеркәсіп төңкерісі - классикалық өнеркәсіпті сандық технологиямен біріктіру, гуманитарлық проблемаларды жедел шешу жолдары, босқындарға көмек көрсету, мигранттардың жаппай қоныс аударуы мәселелерін талқылау болмақ.
Дүниежүзілік экономикалық форум - швейцариялық үкіметтік емес ұйым. Ол әлемнің түрлі елдеріндегі мыңдаған компания мен үкіметтік емес ұйымдарды біріктіреді. Жыл сайын өтетін форумда халықаралық жетекші бизнесмендер, саясаткерлер, қоғамдық тұлғалар әлемдегі күрделі мәселелерді талқылайды.