Accessibility links

Пәкістанда университетке шабуылдан 20 адам қаза тапты


Бача Хан университетіне жасалған шабуылдан адамдарды құтқару сәті. Пәкістан, 20 қаңтар 2016 жыл.
Бача Хан университетіне жасалған шабуылдан адамдарды құтқару сәті. Пәкістан, 20 қаңтар 2016 жыл.

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында содырлардың университетке шабуылынан кем дегенде 20 адам қаза тапты. Құрбандар арасында студенттер мен университет қызметкерлері де бар.

Шабуыл провинциясы астанасы Пешавардан солтүстік-шығысқа қарай 17 километр қашықтықтағы Чарсадда қаласындағы Бача Хан университетіне жасалған. Провинция билігінің өкілі Шаукат Юсуфзайдың айтуынша, шабуылдан кем дегенде 50 адам жараланған. Университетте содырлар мен қауіпсіздік күштері арасында атыс болған. Шабуылды "Талибан" қозғалысы мойнына алған.

Полиция кемінде екі содырдың көзін жойғанын айтса, куәгерлер бір оқытушы оққа ұшқанын және тағы бір мұғалім мен екі қауіпсіздік қызметкері жараланғанын айтады. Университеттен екі рет қатты жарылыс үні естілген.

Студенттер мен оқытушылардың Азаттықтың Пәкістандағы редакциясы "Машааль Радиосына" хабарлауынша, содырлар таңертең университеттің информатика мен ғылымды басқару факультетінде студенттер мен оқытушыларға оқ атқан.

Полиция кейін студенттердің көпшілігін эвакуациялағанын хабарлады.

Бірақ студенттер мен оқытушылар университет ғимаратының еуінші және үшінші қабаттарында әлі бірнеше содыр болуы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG