Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 4-5 қыркүйекте Ханчжоу қаласында өтетін "үлкен жиырмалық" (G20) елдерінің саммитіне қатысуға шақырды. Бұл туралы бүгін "Бір белдеу бір жол: Қытайдың қазіргі заманғы сыртқы саясаты" деп аталатын конференция арасында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй хабарлады.
Елшінің айтуынша, 2015 жылы Қытай мен Қазақстан президенттері екі елге сапарлап барған, Қазақстан премьер-министрі Қытайға екі рет ресми сапар жасаған.
G20 елдері басшыларының саммиті 2015 жылы қарашада Түркияда өткен.