Әзербайжанда бүгін 1990 жылы 20 қаңтарда советтер билігі тұсында бейбіт тұрғындарды атуда қаза тапқандарды еске алды. "Қаралы қаңтар" оқиғасы деген атпен тарихта қалған бұл күні Бакуде полиция тәртіпті күшейтті.
Әзербайжанда жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де "Қаралы қаңтар" оқиғасында қаза тапқандарды үнсіз еске алды. Еске алу белгісі ретінде елде мемлекеттік тулар төмен түсірілді.
26 жыл бұрын совет билігі Әзербайжандағы билігін күштеп сақтап қалғысы келген. Армияның әрекетінен 200-ден астам адам қаза тауып, мыңдаған адам қамалған.