Accessibility links

Молдовада шерушілер парламентке жетті


Молдова паралменті алдындағы наразылық акциясы. Кишинев, 20 қаңтар 2016 жыл.
Молдова паралменті алдындағы наразылық акциясы. Кишинев, 20 қаңтар 2016 жыл.

Молдова астанасы Кишиневте наразылық акциясына шыққандар Молдова парламенті алдына барды.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлерде парламент алдында қолдарына ту ұстап тұрған демонстранттар көрінеді. Парламенттегі 101 депутаттың 57-сі - басқарушы Демократиялық партия мүшесі.

Молдовадағы саяси дағдарыс қазан айынан жалғасып келеді. Сол кездегі үкімет коррупциялық жанжалға байланысты отставкаға кеткен. Парламентте жаңа үкімет құрамына дауыс беру кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жүздеген полицей кезектен тыс сайлау өткізуді талап еткен демонстранттарды парламентке кіргізбей, жолын бөгеді.

Акцияны ұйымдастырушылар - ресейшіл оппозициялық топтар. Бірақ олардың арасында еуропашыл кейбір қозғалыстар да бар. Олар бұрынғы үкімет мүшелерінен қайта жасақталған жаңа үкімет коррупциялық іс-әрекетін доғармайды деп санайды.

XS
SM
MD
LG