Accessibility links

Вице-министр Қарабалин зейнетке шықты


Бұрынғы энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин.
Бұрынғы энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин.

Ұзақбай Қарабалин зейнет жасына жетуіне байланысты энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Энергетика министрлігі ресми сайтының хабарлауынша, Қарабалинді қызметінен босату туралы премьер-министр қаулысы 19 қаңтарда шыққан.

1947 жылы туған Ұзақбай Қарабалин бұл қызметіне 2014 жылы тамызда тағайындалған. Мұның алдында ол мұнай және газ министрі болды, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясын, "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясын басқарды.

XS
SM
MD
LG