Accessibility links

Сомалиде содырлар шабуылынан 19 адам мерт болды


Сомали астанасындағы шабуыл жасалған мейрамхана маңы. Могадишу, 22 қаңтар 2016 жыл
Сомали астанасындағы шабуыл жасалған мейрамхана маңы. Могадишу, 22 қаңтар 2016 жыл

Сомали полициясы исламшыл содырлардың 21 қаңтар күні кешке ел астанасы Могадишу қаласында жасаған шабуылынан кем дегенде 19 адам опат болғанын хабарлады. Қаладағы белгілі Лидо жағажайындағы мейрамханаға жасалған шабуылға жауапкершілікті "Әл-Қаидамен" байланысы бар экстремистік "Әл-Шабаб" тобы мойнына алды.

Қарулы бес ер адам жарылғыш затты іске қосып, мейрамханаға басып кірген соң ондағы адамдарға оқ атты. Оқиға орнына барған қауіпсіздік қызметкерлері қарулы топпен атысты.

"Олар 20 шақты адамды, оның ішінде әйелдер мен балаларды өлтірді" деді France Press агенттігіне полиция қызметкері Мохаммед Абдырахман.

Associated Press агенттігінің полиция капитаны Мохаммед Хуссейнге сілтеме жасап хабарлауынша, қауіпсіздік күштері бүгін таңертең мейрамхананы бақылауға алды. Полиция шабуылдаушылар әуелде жарылғыш зат тиелген екі көлікті жарғанын айтады. Хуссейн шабуылдан қаза тапқандар 20-дан көп екенін айтады. Бірақ бұл санға атыс кезінде қаза тапқандардың кіретіні, я кірмейтіні белгісіз.

"Әл-Шабаб" Сомалиде БҰҰ қолдайтын үкіметке қарсы күрес жүргізіп келеді. Топ бұған дейін бірнеше рет шабуыл жасаған.

XS
SM
MD
LG