Accessibility links

Ресей батысында төрт жаңа әскери бөлім құрмақ


Ресей армиясының бас қолбасшысы, генерал Олег Салюков.
Ресей армиясының бас қолбасшысы, генерал Олег Салюков.

Ресей НАТО әскери жаттығуларының "көбейгеніне" жауап ретінде 2016 жылы жаңа құрлықтағы төрт әскери бөлім құратынын жариялады.

Ресей армиясының бас қолбасшысы, генерал Олег Салюков 22 қаңтарда Мәскеуде журналистерге "жаңа бөлімдердің құрылуы - соңғы кезде НАТО елдерінің әскери жаттығуларының күшеюіне жауап шараларының бірі" екенін айтты.

Бөлімдердің бірі Ресейдің орталық аймағында жанынан, қалған үшеуі батыс аймағында құрылады. Төрт бөлім де бұрыннан бар әскери бригадалар базасы негізінде жасақталады.

Салюков бұған қоса Ресей 2016 жылы шетелдермен жеті бірлескен әскери жаттығу өткізетінін де айтты. Жеті жаттығудың ішіне Ресейдің Пәкістанмен және Вьетнаммен бірлесе өткізетін жаттығулары да кіреді.

Салюков бұған қоса қазір Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырым түбегінде Ресейдің құрлықтағы бір де бір әскері жоғын, бірақ қажет болған жағдайда ресейлік әскерилер түбекке қысқа уақытта жететінін айтты.

XS
SM
MD
LG