Accessibility links

Канада мектебінде төрт адам оққа ұшқан


Жедел жәрдем көлігін кедергісіз өткізу үшін жолда машиналарды тоқтатып тұрған канадалық полиция қызметкері. (Көрнекі сурет.)
Жедел жәрдем көлігін кедергісіз өткізу үшін жолда машиналарды тоқтатып тұрған канадалық полиция қызметкері. (Көрнекі сурет.)

Канаданың солтүстігінде Саскачеван провинциясындағы Ла-Лош кентіндегі орта мектепте төрт адам оқ тиіп қаза тауып, тағы екі адам ауыр халде жатыр деп хабарланды.

Алдын ала деректер бойынша, бұл қылмысқа күдікті адам мектеп ғимараты жанынан ұсталған. Оқиғадан соң сабақ тоқтатылып, мектеп жабылған. Әзірше оқиғаның жай-жапсары белгісіз, анықталмаған деректер бойынша, қаза тапқандардың арасында күдіктінің екі туысы мен мектеп мұғалімі бар. Полиция бұл қылмысты тексеріп жатыр.

Швейцарияның Давос қаласында дүниежүзілік эконмикалық форумға қатысып жатқан Канада премьер-министрі Джастин Трюдо қайғылы оқиғадан мерт болғандардың туған-туыстарына көңіл айтқан.

Ла-Лош кентінде екі мыңнан аса тұрғын бар.

XS
SM
MD
LG