Accessibility links

Иран жүзден аса Boeing ұшағын сатып алуға ниетті


Boeing 747-200F ұшағы. (Көрнекі сурет.)
Boeing 747-200F ұшағы. (Көрнекі сурет.)

Иран өзінің коммерциялық әуе паркін жаңалау үшін АҚШ-тың ұшақ құрастыру компаниясынан жүзден аса жолаушылар ұшағын сатып алуға ниетті. Бұл туралы Тегеранда халықаралық аймақтық авиация ұйымы (CAPA - Сentre for Аviation) өкілдерінің кеңесінде сөйлеген Иран көлік министрі орынбасарының сөзіне сілтеме жасап Reuters хабарлады.

Авиация саласы мамандарының қатысуымен өткен бұл жиын Тегераннан халықаралық санкция алынғаннан кейін Иран үкіметінің алғашқы халықаралық бизнес-жобасын таныстыруға байланысты ұйымдастырылған еді.

XS
SM
MD
LG