Accessibility links

Жамбыл облысында тікұшақ құлаған


Жамбыл облысының картасы.
Жамбыл облысының картасы.

Жамбыл облысында 23 қаңтарда тікұшақ апатқа ұшырағаны туралы ақпаратты Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады деп хабарлады Tengrinews сайты.

Апат сенбі күні Тұрар Рысқұлов атындағы аудандағы Садыхан қыстауынан үш шақырымдай жерде болған. Оқиға болған жерге дереу құтқарушылар тобы және медициналық жедел жәрдем бригадасы жөнелтілген.

«Зардап шеккендер туралы ақпарат анықталған соң қосымша хабарланатын болады» деген Иманқұлов.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ұшыраған Ми-2 тікұшағы болуы мүмкін. Апаттың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

XS
SM
MD
LG