Ақтөбе мен Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасын мен жолдың нашар көрінуінен жолдарда көлік қозғалысы шектелді.
Ақтөбе облысында Хромтау-Никельтау-Бадамша жолында Хромтаудан Бадамша ауылына дейін баратын жол жабылған.
Шығыс Қазақстанда боран мен желдің ұйытқи соғуынан Мақаншы-Жалаңашкөл жолында (0-133 километр аралығы), Қарағанды-Аягөз-Бұғаз жолының 707-900 километрі аралығы - Аягөз қаласы мен Ақсуат ауылының арасында және Күршім-Қалжыр жолында (0-131 километрі аралығы) көлік қозғалысы тоқтатылған.