Accessibility links

Ашраф Ғани ИМ-мен күреске шақырды


Ауғанстан президенті Ашраф Ғани. Давос, Швейцария, 22 қаңтар 2016 жыл.
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани. Давос, Швейцария, 22 қаңтар 2016 жыл.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымын "жерлеуге" уәде етті. ИМ-нің бір тармағы Ауғанстанда үкімет әскерімен және "Талибан" қозғалысының содырларымен соғысып жатыр.

Давосқа дүниежүзілік экономикалық форумға барғанында BBC-ге сұхбат берген Ғани ИМ "ауғандық құбылыс емес" екенін және бұл ұйым содырлары жасаған айуандық әрекеттер ауған халқының олардан жерінуіне мәжбүрлегенін айтты. "Ауғандықтарда қазір еке бар. ИМ содырлары қарсылас таңдауда қателесті" деді Ашраф Ғани.

Ғани ИМ-ге қарсы аймақтық және халықаралық деңгейде күш біріктіруге шақырды. "Бізге кәдімгідей қауіп төніп тұр" деген Ғани егер "Талибанмен" бейбіт келіссөз жақын аптада басталмаса онда Ауғанстандағы қақтығыс күшейіп, оның салдары аймаққа да сезілетінін айтты.

Ашраф Ғани бұған қоса Пәкістан үкіметін келіссөз жүргізуге келіспеген "Талибан" қозғалысына қарсы іс-шаралар жасауға шақырды.

XS
SM
MD
LG