Accessibility links

Путин Рамзан Қадыровтың жұмысын мақтады


Грозныйдағы митингіде Ресей президенті Владимир Путин мен Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың суреттерін ұстап шыққан демонстранттар. 22 қаңтар 2016 жыл.
Грозныйдағы митингіде Ресей президенті Владимир Путин мен Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың суреттерін ұстап шыққан демонстранттар. 22 қаңтар 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты мақтап, оны жұмысын "тиімді" деп бағалады.

25 қаңтарда Ставропольде кремльшіл Бүкілресейік халықтық майдан қозғалысы белсенділерімен кездескен Путин "Шешенстан мен оның халқына және қазіргі басшысына алғыс білдіретінін" айтты. Қадыровтың атын атамаған Путин "Қазір ол тиімді жұмыс істеп жатыр" деді.

Рамзан Қадыров 12 қаңтар күні Грозныйда журналистермен кездесуінде Ресейдегі оппозиция өкілдері мен Кремль саясатын сынайтын тәуелсіз журналистер мен құқық қорғаушыларды "халық жауы" атап, "оларды ел іргесін ыдырататын әрекеттері үшін соттау керек" деген.

22 қаңтарда Шешенстан астанасы Грозныйда мыңдаған адам қатысқан митинг өтіп, демонстранттар Қадыров пен Путинге қолдау білдіретін ұрандар айтқан.

Кейін халықаралық ұйымдар Қадыровтың мәлімдемесіне алаңдаушылық білдіріп, Путинді Шешенстан басшысына шара қолдануға шақырған.

Путин Қадыровты Шешенстан басшысы етіп 2007 жылы тағайындаған.

Кремльді сынаушылар Путин СССр тараған соң екі рет соғыс болған Шешенстанды бақылауда ұстауда Қадыровқа сүйенетіндіктен оның мәлімдемелерін қолдап отырады дейді.

XS
SM
MD
LG