Accessibility links

TI: Қазақстан коррупция индексінде 3 орын көтерілді


Transparency International ұйымының 2015 жылға арналған әлем елдеріндегі коррупция деңгейі индексі.
Transparency International ұйымының 2015 жылға арналған әлем елдеріндегі коррупция деңгейі индексі.

Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия - әлемдегі коррупция деңгейі ең жоғары және мүлдем транспарентті емес аймақтар қатарында. Бұл туралы бүгін Transparency International (TI) халықаралық ұйымы жариялаған 2015 жылға арналған коррупцияны қабылдау индексі туралы есебінде мәлімдеді. Ұйым 168 мемлекеттегі коррупция деңгейін сараптап даярлаған индексте Қазақстан 2014 жылғы көрсеткіштен үш орын жоғарылап, 123-орынға шыққан. 2014 жылғы индексте Қазақстан 126-орында болған. 2015 жылғы индексте Қазақстанмен қатар Қырғызстан да 123-орында тұр.

Ұйым 2015 жылы әлемде халық өз үкіметтеріне дамуды тежейтін коррупцияны тоқтатып, барынша ашық қызмет етуді талап етіп демонстрацияларды көбірек өткізгенін айтады.

TI есебінде 2015 жылы әлемде 168 елдің мемлекеттік секторындағы коррупция деңгейіне талдау жасап, Данияны «коррупция деңгейі ең төмен ел» деп тапқан. Индекс соңында коррупция деңгейі ең жоғары елдер тізімін Сомали мен Солтүстік Корея аяқтайды.

Коррупция деңгейі жоғары елдер арасында Ауғанстан (166-орын), Ирак (161), Түркіменстан (156) және Өзбекстан (153) бар.

Ұйымның ТМД және Орталық Азия (ОА) бойынша үйлестірушісі Светлана Савицкаяның айтуынша, TI индексінде Орталық Азиядағы бес ел түгел төменгі орындарда тұр. "Бұл – аймақта коррупция індетке айналып, тамыр жайып кеткенін және ол жүйелік сипатқа ие болғанын көрсетеді. ОА елдерінің бір де біреуінде 2012 жылдан бері коррупция деңгейін төмендетуде ешқандай үлкен өзгеріс болған жоқ және аймақтағы коррупциялық жағдай тоқырап тұр" дейді Савицкая.

Оның сөзінше, бұрынғы совет республикалары – Тәжікстан (136-орын), Ресей (119), Украина (130), Әзербайжан), Молдова (103), Армениядағы (95) жағдай да осыған ұқсас.

XS
SM
MD
LG