Accessibility links

Хассан Роухани Францияға барды


Иран президенті Хассан Роухани. Париж, 27 қаңтар 2016 жыл.
Иран президенті Хассан Роухани. Париж, 27 қаңтар 2016 жыл.

Иран президенті Хассан Роухани ресми сапармен Францияға барды. Парижде Роухани Франция президенті Франсуа Олландпен кездеседі. Сапар барысында екі ел арасындағы бірнеше іскерлік келісімге, оның ішінде 114 Airbus жолаушылар ұшағын сатып алу және француздың Peugeot автоконцернімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады деп жоспарланған. Кейбір мәліметтер бойынша, Peugeot пен Иранның Khodro автомобиль компаниясы 2017 жылдың басынан бастап Иранда 200 мың көлік шығаруды жоспарлайды.

Француздың Total компаниясы Иран мұнайын алуға ниетті екенін мәлімдеген.

Қуғындағы Иран оппозициясы мен құқық қорғаушылары Роуханидың сапарына орайластырып демонстрация өткізуді жоспарлаған. 27 қаңтар күні Римге сапарын аяқтаған Роухани Иран АҚШ-пен қарым-қатынасын жақсарта алатынын, бірақ ол үшін Вашингтон өзінің "жаулық" ұстанымын өзгертуі тиіс екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG