Accessibility links

ХҚС Ресей-Грузия қақтығысын тергемек


Оңтүстік Осетиядағы Ресей танктері. Тамыз, 2008 жыл.
Оңтүстік Осетиядағы Ресей танктері. Тамыз, 2008 жыл.

Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) 2008 жылы Ресей мен Грузия арасындағы қысқа уақыттық әскери қақтығыс кезінде Оңтүстік Осетияда жасалған болуы мүмкін әскери қылмыстарды тергей бастайды. 27 қаңтарда таратқан мәлімдемесінде ХҚС 2008 жылдың 1 шілдесінен 10 қазанына дейінгі әскери жанжал кезінде адамзатқа қарсы қылмыс жасалғаны туралы күдік барын айтады. Бұл жанжал нәтижесінде Ресей Грузияның жікшіл Оңтүстік Осетия және Абхазия аймақтарын тәуелсіз деп таныған.

Мәлімдемеде нақты қай тарап тергеуге ілігетіні айтылмаған. 2008 жылы Грузиямен бес күнге созылған қақтығыстан соң Мәскеу аймақта әскер ұстап отыр. ХҚС өкілі тексерілетін қылмыстар арасында "кісі өлтіру, адамдарды күштеп көшіру, бейбіт тұрғындарға шабуыл жасау, бітімгерлік күштеріне шабуылдап, қасақана өлтіру" қылмыстары барын айтады.

XS
SM
MD
LG