Accessibility links

Қазақстанда санитарлық авиация паркін тексермек


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанның инвестиция және даму министрлігі көліктегі прокуратурамен бірге санитарлық авиацияның барлық ұшағы мен тікұшақтарын толықтай тексереді деп хабарлады бүгін министрліктің баспасөз қызметі.

Мұндай бастама кеше Алматы облысы аумағында ауылдан Талдықорғандағы облыстық ауруханаға науқас сәбиді жеткізуі тиіс болған тікұшақ апатқа ұшыраған соң көтеріліп отыр. "Аспан" компаниясына тиесілі UP-MD 600-N маркалы азаматтық мақсаттағы тікұшақ 27 қаңтар күні сағат 16:55-те радардан жоғалып кеткен. Бүгін таңертең Қапал елді мекеніне жақын маңнан тікұшақ сынықтары табылған. Төтенше жағдайлар комитетінің ақпаратына қарағанда тікұшақта болған бес адам - ұшқыш, екі дәрігер және анасы мен оның екі айлық баласы қаза тапқан.

Қаңтардың 23-і күні Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында да "Жаңа Әлем" авиакомпаниясына қарасты МИ-2 тікұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш зардап шеккен.

Билік тікұшақ апатын анықтайтын комиссия құрып, апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтады.

XS
SM
MD
LG