Accessibility links

Сұлтанов: Бюджет бизнес өкілдерімен кеңескен соң нақтыланады


Қазақстан үкімет мүшелерінің жиыны. Астана, 18 қараша 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан үкімет мүшелерінің жиыны. Астана, 18 қараша 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов биылғы жылдың бюджет жобасы түпкілікті түрде экономиканың түрлі салаларының өкілдерімен кеңескен соң анықталатынын мәлімдеді.

Сенат отырысы арасында журналистер сұрағына жауап берген Сұлтанов бюджет жобасын нақты бекіту үшін өнеркәсіп, мұнай өндірісі, өңдеу өнеркәсібі, шағын және орта бизнес, банк өкілдерімен қосымша кеңесу қажетін айтқан. Сұлтановтың сөзінше, Қазақстан экономикасының дамуын "мұнай бағасы ғана анықтамайды".

Бұған дейін Қазақстанның 2016 жылғы бюджеті Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 40 доллар, ал теңгенің долларға шаққандағы бағамы 300 теңгеге есептеліп бекіген.

Қазақстан Ұлттық банкінің 28 қаңтарға белгілеген АҚШ доллары бағамы 375 теңге 49 тиынды құрайды.

XS
SM
MD
LG