Accessibility links

ДСҰ Зика вирусына қарсы шұғыл шара жасауға шақырды


Бразилиялық Зика вирусымен байланысты микроцефалия дерті анықталған ұлын ұстап тұр. Ресифе, Бразилия, 26 қаңтар 2016 жыл.
Бразилиялық Зика вирусымен байланысты микроцефалия дерті анықталған ұлын ұстап тұр. Ресифе, Бразилия, 26 қаңтар 2016 жыл.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) басшысы Маргарет Чан Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде Зика вирусының жылдам тарап бара жатқанын хабарлап, індетті халықаралық деңгейде қауіп төндіре бастады деп тану жайлы тәуелсіз сарапшылардың шұғыл жиынын өткізуге шақырды. Зика вирусы маса арқылы көбінесе аяғы ауыр әйердерге жұғып, жаңа туған балалардың басы мен ми көлемінің кішірейіп кетуіне (микроцефалия) әкеп соқтырады. 1 ақпанда өтетін жиынға қатысатындар вирустың таралуын зерттейді.

Чан адамдарда вирусқа қарсы тұратын иммунитеттің жоқтығына, оны жылдам анықтап, диагноз қоятын және емдеп жазатын препараттардың жоқтығына байланысты індеттің бұдан ары таралу қаупіне "қатты алаңдайтынын" айтады.

Биыл жазғы олимпиада ойындары өтетін Бразилияда өткен жылдың қазан айынан бері Зика вирусын жұқтырған 3 мың 900 адам тіркелген. ДСҰ дерегінше, биыл Орталық және Оңтүстік Америкада жаңадан 3-4 миллион адам Зика вирусын жұқтырған болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG