Accessibility links

Сирия оппозициясы келіссөзден бас тартып жатыр


БҰҰ-ның Сирия мәселесі бойынша өкілі Стаффан де Мистура.
БҰҰ-ның Сирия мәселесі бойынша өкілі Стаффан де Мистура.

Сириядағы негізгі оппозициялық топтар Женевада 29 қаңтарда өтеді деп жоспарланған Сирия бейбіт келіссөзіне қатысудан бас тартып отыр.

Сауд Арабиясы қолдайтын оппозициялық топтар Сирия үкіметімен қоршауда қалған қалаларға көмек беру туралы келісім жасалмайынша келіссөзге қатыспайтынын мәлімдеді. Бейбіт келіссөзге Сирияның солтүстік бөлігінің көпшілігін бақылауда ұстап тұрған сириялық күрдтердің өкілдері де қатыспайын деп тұр. Себебі олар Сирия дағдарысындағы негізгі ойыншылардың бірі Түркия "сириялық күрдтердің өкілдері Түркиядағы тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясымен байланыста" деген соң келіссөзге шақырылмады.

АҚШ мемлекеттік департаменті 28 қаңтарда Сауд Арабиясы қолдайтын Жоғарғы келіссөз комитеті деп аталатын топтан қоршаудағы қалалар мен ашыққан сириялықтарға қолдау көрсетуде ешқандай ілгерілеушілік болмағанына қарамастан бейбіт келіссөзге қатысуды сұраған.

"Бұл талаптар орынды болса да, келіссөздің ілгерілеуіне кедергі болмауы тиіс. Бұл келіссөз - Женеваға барып, қақтығысты тоқтатудың практикалық жолдарын, өзара сенім орнату жөнінде маңызды ұсыныстарды білдіруге берілген шынайы мүмкіндік" деді мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Марк Тонер.

Келіссөзді ұйымдастырушы, БҰҰ-ның Сирия мәселесі жөніндегі өкілі Стаффан де Мистура сириялықтарға жасаған видео үндеуінде бұл келіссөзді "қолдан жіберіп алуға болмайтын соңғы мүмкіндік" деп атап, тараптарды келіссөзге қатысуға шақырды.

XS
SM
MD
LG