Accessibility links

Сирия оппозициясы бейбіт келіссөзге қатысуға келісім берді


БҰҰ жанындағы Сирия өкілі Башар Джаафари (оң жақта) мен Сирия елшісі Хусам ид-Дин Аала Сирия бойынша бейбіт келіссөз ашылуында отыр. Женева, Швейцария, 29 қаңтар 2016 жыл.
БҰҰ жанындағы Сирия өкілі Башар Джаафари (оң жақта) мен Сирия елшісі Хусам ид-Дин Аала Сирия бойынша бейбіт келіссөз ашылуында отыр. Женева, Швейцария, 29 қаңтар 2016 жыл.

Сирия оппозицияның жетекші ұйымы Женевадағы бейбіт келіссөздерге қатысуға келісім берді.

Ондай шешімді сириялық Жоғарғы келіссөз комитеті БҰҰ мен АҚШ тарапынан кепілдік алған соң қабылдаған деп хабарлады «Әл-Арабия әл-Хадат» жаңалықтар телеарнасы.

Сириядағы қарулы жанжалға қатысушылар арасындағы бейбіт келіссөз жұма күні Швейцарияның Женева қаласында басталған.

Бұған дейін Женевадағы келіссөзге БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура және БҰҰ жанындағы Сирия өкілі Башар Джаафари бастаған сириялық үкімет делегациясы қатысып жатқаны хабарланған.

Сауд Арабиясы қолдайтын оппозициялық топтар Дамаск билігі үкімет күштерінің қоршауында қалған қалаларға көмек беру туралы келісім жасамайынша келіссөзге қатысудан бас тартатындарын мәлімдеген.

Сирияда президент Башар Асадтың режимі мен оның қарсыластары арасында қарулы жанжал шыққалы бері тараптар БҰҰ аясында алғаш бейбіт келіссөзге барып отыр.

XS
SM
MD
LG