Байқоңыр ғарыш айлағынан бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 4:20-да еуропалық Eutelsat 9B байланыс спутнигі мен «Бриз-М» үдеткіш аппараты бар «Протон-М» зымыран тасығыш ұшырылған. Бұл туралы ресейлік «Роскосмос» хабарлады.
Бұл Байқоңырдан биылғы жылы ғарышқа ұшырылған алғашқы «Протон» зымыраны.
Оны ұшыру әуелде 28 қаңтарға жоспарланған. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты ол 30 қаңтарға қалған.
Еуропалық Eutelsat 9B байланыс серігі Италия, Германия, Грекия, Скандинавия аймағы және Балтық бойындағы елдерге сандық телехабар тарату және мәліметтер жолдауға арналған.