Accessibility links

Париж Палестин мемлекеттігін тануға дайын екенін білдірді


Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус.
Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус.

Франция егер Израиль мен палестиналықтар арасындағы бейбіт келіссөз өткізуге деген талпынысы нәтижесіз аяқталса, онда Париж Палестина мемлекеттігін тануға әзір. Бұл туралы Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус мәлімдеген.

Ол сенбі күні израиль-палестин проблемасын шешу туралы халықаралық конференция демеушісі болуға Францияның ниетті екенін жариялаған. Палестина, Израиль, АҚШ, Еуропа Одағы және араб мемлекеттерінің қатысуымен конференцияны биыл көктемде өткізу жоспарланған

БҰҰ-дағы палестиналық әкімшіліктің тұрақты өкілі Риад Мансур Францияның шешімін құптады. Израиль жағы бұл хабарды салқын қабылдағаны айтылады. Аты-жөні аталмаған израильдік дипломат Францияның мәлімдемесін келіссөзде өзара нәтижеге қол жеткізуден Палестина тарабының бас тартуын «қолдауды» білдіреді деп бағалаған.

XS
SM
MD
LG