Accessibility links

Сауд Арабиясы: терроризм айыбымен қазақстандық ұсталды


Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері жасағы (Көрнекі сурет).
Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері жасағы (Көрнекі сурет).

Сауд Арабиясының Saudi Gazette басылымының хабарлауынша, елде соңғы аптада терроризм айыбымен 33 адам, оның ішінде бір Қазақстан азаматы тұтқындалған. Анонимді дереккөзінің мәліметінше, ұсталғандар арасында тоғыз америкалық, Сауд Арабиясының 16 азаматы, үш йемендік, екі сириялық пен Индонезия, Филиппин, Біріккен Араб Әмірліктері және Палестинаның бір-бір азаматы бар.

АҚШ мемлекеттік департаментінің аты-жөнін атамаған өкілі Сауд Арабиясында ұсталған америкалықтар туралы хабардар екенін растаған, бірақ істің мән-жайын ашып айтпаған. Басылым ұсталғандардың Сауд Арабиясы аумағында бірнеше рет шабуыл жасаған "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен байланысы бар-жоғын айтпайды.

XS
SM
MD
LG