Accessibility links

"Ауыл" ХДПП депутаттыққа 19 кандидат ұсынды


"Ауыл" партиясының кезектен тыс 12-құрылтайы. Астана, 1 ақпан 2016 жыл.
"Ауыл" партиясының кезектен тыс 12-құрылтайы. Астана, 1 ақпан 2016 жыл.

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы (ХДПП) парламент мәжілісінің ерте сайлауына депататтыққа 19 адамды кандидат етіп бекітті.

Партияның бүгін Астанада өтіп жатқан тыс 12-құрылтайында партияның 20 наурызға белгіленген мәжіліс сайлауына және жергілікті мәслихат сайлауына қатар қатысатыны туралы шешім қабылданды. Бұдан өзге, құрылтайға қатысқандар партияның "Ауыл дәстүрін жаңғыртамыз" атты бағдарламасын да мақұлдады.

Құрылтайда баяндама жасаған партия төрағасы Әли Бектаев "Ауыл" ХДПП "елдегі қиыншылықтарды тізіп айтып, спекуляция жасайтын партия емесін" айтты.

Мәжіліс депутаттығына ұсынылғандар арасында Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, Өзбекстандағы бұрынғы елші Бөрібай Жексембин, Алматыдағы ұлттық кітапхана директоры Әлібек Асқаров бар.

Қазақстан парламенті мәжілісінің кезектен тыс сайлауы наурыздың 20-сына белгіленген. Мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады.

XS
SM
MD
LG