Accessibility links

Ресей: ХҚС тергеуіне қатыса алмаймыз


Ресей танктері Оңтүстік Осетия территориясынан шығып барады, 2008 жыл.
Ресей танктері Оңтүстік Осетия территориясынан шығып барады, 2008 жыл.

Ресей Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) 2008 жылы Грузия территориясында жікшіл Оңтүстік Осетияға қатысты қақтығыс кезінде жасалған қылмыстарды тергеуге қатыса алмайтынын мәлімдеді. Ресей ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Ресей Гаагадағы қылмыстық соттың қызметін реттейтін Рим статутын ратификацияламаған.

ХҚС 27 қаңтарда Оңтүстік Осетиядағы ресей-грузия қақтығысы кезінде және одан кейін - 2008 жылдың 1 шілдесі мен 10 қазаны аралығында адамзатқа қарсы қылмыс жасалғанын хабарлап, оған қатысты тергеу бастайтынын жариялаған. ХҚС дерегі бойынша, аталған кезеңде кісі өлтіру, тұрғындарды күштеп қоныс аударту, бейбіт тұрғындар мен бітімгерлік күштері сарбаздарын өлтіру сияқты қылмыстар жасалған.

Грузия ХҚС-тың тергеу жүргізуін құптаған.

XS
SM
MD
LG