Accessibility links

Египет Ресейден "Сухой" ұшақтарын сатып алмақ


Ресейдің "Сухой" компаниясының SSJ-100 жолаушылар ұшағы.
Ресейдің "Сухой" компаниясының SSJ-100 жолаушылар ұшағы.

Египет Ресейдің "Сухой" ұшақ жасайтын компаниясынан 10 ұшақ сатып алу туралы келісім жасасты. Египет бұған қоса Ресеймен арадағы әуе қатынасын қалпына келтіру үшін туристік агенттік құруды да жоспарлап отыр.

Өткен жылдың қазан айында Египеттің Синай түбегінен Санкт-Петербургке ұшып шыққан ресейлік жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 224 адам түгел қаза тапқан соң Ресей бұл елге ұшатын рейстерін тоқтатқан. Бұдан соң Египетке баратын ресейлік туристер саны күрт азайған.

Египет және Ресей билігінің хабарлауынша, Egyptian Leisure Airlines жекеменшік компаниясы "Сухой" компаниясымен 10 SSJ-100 ұшағын сатып алу туралы келісім жасасқан.

Еипет билігіндегі дереккөздердің Reuters агенттігіне айтуынша, келісімде үшінші компнаияның қатысуымен бірлескен кәсіпорын ашып, ресейлік туристерді Египетке тасымалдау үшін алдағы үш жылда Ресейден сатып алатын SSJ-100 ұшағы санын 45-ке жеткізу қарастырылған.

Египеттің азаматтық авиация министрі Хоссам Камаль "Ресейден Египетке ұшатын рейстер биылғы жылдың алғашқы жартысынан қайта ұша бастайды деп күтем" деді.

Египет экономикасына келетін кірістің бір бөлігі туризмнен түседі.

XS
SM
MD
LG