Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) "Нұр Отан" партиясынан парламент мәжілісі депутаттығына үміткерлерді тіркеді.
ОСК хатшысы Бақыт Мелдешовтің айтуынша, комиссия партия ұсынған депутаттыққа түсуге үміткерлердің құжаттары "заңды" және "Сайлау туралы" заң талаптарына сай.
"Нұр Отан" партиясы өткен аптада кезектен тыс 17-құрылтайында мәжіліс депутаттығына партия атынан үміткер 127 адамның тізімін ұсынған. Үміткерлердің 33-і бұрынғы парламент мәжілісінің депутаты.
Қазақстан парламенті мәжілісінің кезектен тыс сайлауы наурыздың 20-сына белгіленген. Мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады.